Ресей Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісін «террористер мен экстремистер» тізіміне енгізді


06/02/2024
13:45 8883 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Ресей Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийді «террористер мен экстремистер» тізіміне енгізді. Бұл туралы ресейлік ақпарат құралдары хабарлады. 

 

2022 жылы қазанда Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийді қызметінен босатқан. Содан бері Қазақстанда елші тағайындалмаған.

 

Сол жылы тамызда Врублевский қазақстандық блогерге сұхбатында Украина күштері «орыстарды қаншалық көп өлтірсе, балаларымыз кейін соншалық азырақ өледі» деген еді. Осыдан соң Қазақстан сыртқы істер министрлігі Врублевскийге наразылық білдірген.

 

2 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен. Ақорда мұны Киев тарапының бастамасымен болғанын хабарлады. Ресми ақпаратқа сәйкес, екі президент Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық, сауда-экономикалық байланысты дамыту мәселелерін талқылаған.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

06/02/2024 13:45
8883 0

Уведомление